Бөбекжай— бақша тарихынан жалпы сипаттама
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Алтын арай» бөбекжай-бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жұмысын 2016 жылдың қазан айының 12 ші жұлдызынан бастады. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 мамырдағы №488 Қаулысымен бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының аясында ашылды.
Мемлекеттік тіркеу 2016 жылдың 12 қазанда бизнес сәйкестендіру 161040011702 нөмірі берілді.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Алтын арай» бөбекжай-бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2022 жылғы 5-мамырда №01 бұйрығы негізінде меңгерушісі етіп Төребекқызы Аяжан тағайындалды.
«Алтын арай»бөбекжай-бақшасы» ЖШС Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Самал-2 мөлтек ауданы, Көрікті көшесі, №44үйде орналасқан. «Алтын арай» бөбекжай балабақшасы» ЖШС-нің Жарғысы 28.12.2018 жылы қайта бекітілген.
Бөбекжай — бақша 2016 жылы қазан айында ашылды.
Бөбекжай- бақша аумағы 800кв.м, құрылыс ауданы 379, 1 кв.м құрайды.
Балабақша мекемесі ыңғайластырылған, екіқабаттан тұрады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша қорғанмен қоршалған. 3топтық, қуаттылығы 60 орын. Ғимарат жылу,су, электр жүйелерімен қамтамасыз етілген, кәріз құбырлары, телекоммуникациямен қамтамасыз етілген, интернет қосылған, өртке қарсы дабыл (сигнализация) орнатылған. Балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы және қауіпсіз орта жасау үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015жылғы 3 сәуірдегі №191 қаулысына сәйкес: білім беру ұйымының ғимаратына кіруді бақылау ұйымдастырылған.
— хабарландыру жүйесінің бар болуы (дабыл түймесі): бар
— күзет болуы: бар
— арнайы күзетшілермен қамтамасыз етілген, ғимараттың іші–сыртында, топтарды бейнебақылау орнатылған.
Жалпы саны -11
Ғимараттың ішінде — 6
Ғимараттың сыртында — 5
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық –эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы 2017жылғы 17тамыздағы № 615бұйрығы және(өзгерістер мен толықтырулар) ҚРДенсаулық сақтау министрлігінің 2021жылғы 9 шілдедегі №59 бұйрығына сәйкес: Асхана, азық –түлік сақтайтын қойма, кір жуатын бөлмелер мен шаруашылық заттарын сақтайтын қойма бар. Медициналық қажетті құралдармен және оқшаулау бөлмелерімен қамтылған, қарастырылған. Барлық топтар балалардың жас ерекшіліктеріне қарай қажетті жиһаздармен, оқу-әдістемелік құралдармен, заман талабына сай материалдық –техникалық базамен қамтамасыз етілген. Әр бір топта киім шешетін бөлме, ойын бөлме, жататын бөлме, ас тарататын бөлме және әжетхана бар. Аулада балалар ойын алаңшалары, ойын құралдары және санитарлық нормағатолық жауап бере алатын беседкалар орнатылған. Балалар балабақшаға Қазақстан Республикасының «ИНДИГО» ашық электронды жүйесі арқылы, электронды жолдама бойынша 2 жастан бастап қабылданады. Бөбекжай балабақша жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығымен жұмыс жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі ұйымдарда 09.09.2022ж №394 бұйрығы тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқаулық хатқа сәйкес:
-басталуы 8:00
-аяқталуы 18:30 жүргізіледі.
Жұмыс 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген. Ас мәзірі таңғы,түскі және бесін ас мәзірімен тағайындалған.
Бөбекжай бақша жалпы – 3 топтық, 60 орынға арналған. Мемлекеттік тапсырыс СЭС қорытындысы бойынша 60 балаға рұқсат берілген. Бүгінде 60 бала тәриеленуде. Бөбекжай бақшада мынадай топтар жұмыс жасайды:
-кішітоп /2жастан/
-ортаңғы топ /3жастан
-ересек топ /4жастан/
Бөбекжай бақша өз қызметін мемлекеттік тілде жүргізеді. Бөбекжай бақшаның жұмысын Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына, үлгілік оқу бағдарламасына, үлгілік оқу жоспарына сай жүргізу үшін, білікті педагогтар, жас мамандар және техникалық қызметкерлермен қамтылып, жұмыс жасайды.
Бөбекжай бақшада жалпы қызметкерлер саны 13 , педагогтар саны — 6, техникалық қызметкерлер саны —7. Педагог кадрлардың лауазымдық қызметін жүйелендіру, біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының педагогикалық
2022 жылы – «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында – 1 музыка жетекшісі
2023 жылы – «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында –2 тәрбиеші.
Біздің балабақшамызда тәжірибелі тәрбиешілер әр балаға жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен қарайды. Балаларға қызықты ойындармен ұйымдастырылған оқу қызметтері жүргізіледі.
2021жыл- Республикалық «Үркер» байқауынақатысып, 4-6 жас аралығындағы балаларымыз- сертификаттар мен дипломдарға ие болды.
2021 жыл – Республикалық «BILIM AINASY» байқауына қатысып, 5-6 жас аралығындағы балаларымыз –I дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2022 жыл- Республикалық «Үркер» байқауынақатысып, 4-6 жас аралығындағы балаларымыз- сертификаттар мен I дәрежелі дипломдарғаиеболды.
2022 жыл- Республикалық«BILIM AINASY»байқауына қатысып, 5-6 жас аралығындағы балаларымыз – «Жас дарын» дипломдарымен марапатталды.
2022 жыл- «Bala Daryn» байқауына қатысып , балаларымыз I дәрежелі дипломдармен марапатталды.
2023жыл- Республикалық «Үркер» байқауынақатысып, 4-6 жас аралығындағы балаларымыз- сертификаттар мен I дәрежелі дипломдарғаиеболды.
2023жыл- Республикалық «BILIM AINASY»байқауына қатысып, 5-6 жас аралығындағы балаларымыз – «Жас дарын» дипломдарымен марапатталды.
2023 жыл- «Bala Daryn» байқауына қатысып , балаларымыз I дәрежелі дипломдармен марапатталды
Ел болашағы – өскелең ұрпақ екенін терең түсінген «Алтын арай» бөбекжай балабақшасының құрылтайшысымен ұжымы ұрпақ тәрбиесіне жіті көңіл бөледі. Балалардың жан-жақты дамып, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптастыру бағытында тынбай еңбек етіп, мақсатымызға жететінімізге сеніміміз мол.